Меркі ауданы, Қызылқыстақ ауылына қарасты дүкендер Рамазан айының құрметіне ішімдік сатуды тоқтатты.
Қызылқыстақ ауылында 2022 жылдың қараша айында сәулеті заманына сай мешіт ашылған болатын. Мешіт қызметін бастағалы осы жылы екінші рет қасиетті Рамазан айын өткізгелі тұр. Өткен жылы қасиетті Рамазан айы басталмай жатып дүкен иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қасиетті айда ішімдік сатуды тоқтатқан болатын. Осы жылыда ауыл ақсақалдарымен дүкен аралап түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ескерту мұсылмандарға пайда береді демекші, ауылдағы дүкен иелері өз еріктерімен қасиетті айдың құрметіне деп өздері алып тастаған болып шықты. Кейбір дүкен иелері мүлдем ішімдік атаулыдан бас тартыпты. Алла Тағала қасиетті айда ішімдік сатудан бастартқан барша кәсіпкерлеріміздің ниеттерін қабыл етіп, істеріне, отбастарына береке берсін!
Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінің баспасөз қызметі