Аудан бас имамы Азамат Берікұлының бастамасымен және аудан имамдарының бірлесуімен "Дін мен Дәстүр" аясында арнайы "Қайырымдылық күніне" орай "Дуалды оқу" жүйесімен оқып жатқан имамдарға қаржылай жәрдем берілді.
Ілім алу тал бесіктен - көр бесікке дейін әр бір мұсылман ер мен әйелге парыз. Ардақты Пайғамбарымыз ( Алланың игілігі мен сәлемі болсын): " Алла Тағала кімге жақсылық қаласа, соған дінді кеңінен, терең түсінуді нәсіп етеді" - деген. Қазіргі уақытта ауданымызға қарасты үш мешіттің имамы "Дуалды оқу" жүйесімен Тараз қаласындағы "Һибатулла Тарази" медресесінде білім алып жатыр. Сол білім жолында жүрген имамдарға Алланың разылығы үшін қаржылай көмек көрсетілді. Дінімізде ең көмек көрсетуге, садақа беруге лайықты жандардың бірі - осы Алла жолында білім алушылар. Алла Тағала баршамызға діннің дұрыс түсінігін нәсіп етсін!
Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінің баспасөз қызметі.