Меркі ауданы, Тәтті ауылы "Тәтті" мешітінің имамы Асхат Көпбосынов" қайырымдылық шарасын өткізді.
Қасиетті Рамазан айының құрметіне және "15 наурыз Қайырымдылық күніне" орай Жұма намазынан кейін, ауыл имамы және қайырымды мешіт жамағаты ауыл тұрғындарына "Рамазан қоржынын" үлестірді. Алты отбасыға азық-түлік және тұрмыстық қажеттілігіне керекті заттар берілді. Ауыл тұрғындары ауыл имамына алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінің баспасөз қызметі.