Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінің асханасында жамағатқа ақ дастархан жайылды. Қасиетті Рамазан айында Алланың разылығын үміт етіп, ораза ұстаған жандарға арнап ауызашар берілді.
Жиында Құран оқылып, бата берілді. Аудан бас имамы Азамат Берікұлы жиналған жамағатқа уағыз-насихатын айтты. Алла елімізге амандық, жұртымызға тыныштық нәсіп етсін!
Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінің баспасөз қызметі