Тұрар Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылдық «Қожай баба» мешітінің имамы Жанболат Сағындықұлының бастамасымен Қасиетті Рамазан айында «Тайқазан» қайырымдылық акциясы жүзеге асырылды. Ауыл бойынша 11 мұқтаж отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетілді. Сауаптар еселенетін айда игі амалдарды көбірек жасап қалуға шақырған имамның өзі бірге жүріп аралап, үйлеріне жеткізіп берді.
Құран Кәрімде Алла Тағала: «(Ей, Мұхаммед!) Оларды тура жолға салуға сен жауапты емессің. Алла қалаған пендесін өзі тура жолға салады.Қайыр – садақа ретінде не берсеңдер де өздерің үшін (жақсы болады). Не берсеңдер де, тек Алланың разылығы үшін берулерің керек. Ізгілік жолында не жұмсасаңдар да, соның бәрі өздеріңе толық қайтарылады және сендер әділетсіздіккке ұшырамайсыңдар (яғни, сауаптарыңды толық аласыңдар)».
Әрбір иманды жанның осы аяттан алатын ғибратты да, ізгілікке жол көрсететін өнегесі де баян етілген. Бұл жайында қазақ халқының салт-дәстүрінің сонау белестерінде де көптеп айтылған.
Қайырымдылық жасасаң, Қайырын өзің көресің, - демекші қандай қайырымды істер жасасаң да барлығы өзің үшін деп ата-бабамыз да мақал-мәтелдерде айтып кеткен.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі