Шу ауданы "Әйел-қыздар" секторының ұйымдастыруымен шу жұртшылығына арналған ауқымды көлемде "Рамазанға сағыныш" атты рухани кеш өтті. Шарада "Төле би" мешітінің ұстазы Насихат Доғдырбайқызы мен "Жәми" мешітінің ұстазы Сәуле Нұрсұлтанқызы жамағатқа рухани уағыз жүргізді.
Әйелдер жамағатына арнап ауызашар дастархан жайылып, көпшілік бір мезетте бірге ауыз ашты. Жиын қасиетті Құран аяттарын оқумен басталып, арнайы бағдарламасымен жалғасын тапты.
Қызықты интеллектуалды ойындар ойнатылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар тарту етілді. Ас басында қыз-келіншектер көбірек насихат тыңдап, Рамазанды сауапты өткізудің жоспарын тізді. Көпшілікке ерекше әсер қалдырған кеш, алдағы үлкен мерекелерде қайта қарқын алмақ.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі