Шу аудандық "Жәми" мешітінде рамазанға байланысты жиналыс өтті. Шараға өңірге қарасты барлық ауылдардың имам-молдалары келіп қатысты.
Аудан бас имамы Алмас Кенжемолдаев 5 бағытқа жеке-жеке тоқталып өтті. Рамазан айында жасалатын іс-шаралар легін баяндап, орындалуын талап етті.
Шу қалалық "Төле би" мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлы рамазан айына басланысты тапсырмаларды міндеттеді. Атап айтсақ, құттықтау баннерлерін ілу, уағыз-насихат жұмыстары мен уақыты, хатым Құрандар түсіру, қайырымдылық науқандары тағы басқа. Имамдар өз ойлары мен пікірлерін ортаға алып, сауалдарына жауап алды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі



09 Ноябрь 2025
18 Джумада-авваль 1447

