#Меркі ауданы: Алғашқы тарауық намазы оқылды

#Меркі ауданы: Алғашқы тарауық намазы оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданына қарасты барлық аудан-ауыл мешіттерінде алғашқы тарауық намазы оқылады. Айлардың сұлтаны болған Рамазан айының алғашқы Тарауық намазы оқылды. Аудан және ауыл имамдары  мешітке келген жамағатқа Рамазан айының қадір-қасиеті жайында, тарауық намазының сауабы турасында уағыз-насихаттарын айтты.

"Тарауық сөзі - «дем алу, демалыс» деген мағынаны  білдіреді. Тарауық намазын барша мұсылман осы қасиетті Рамазан айында  топтасып жамағат болып бірге оқиды.  Әдеттегідей  мешіттерімізде тарауық намаздарында қариларымыз қасиетті Құранды оқып, Алла қаласа айдың соңғы күніне дейін хатым ететін болады. Осындай шарапатты айда, сауабы үлкен құлшылықтан қалыс қалмайық. Рамазан айына деген құрметімізді – ораза ұстау, өзімізді рухани тәрбиелеу, нәпіл құлшылықтар атқару, мұқтаждарға жәрдемдесу, тарауық намазын оқу, қасиетті Құранды хатым ету сияқты ізгі амалдармен өткізуіміз қажет" - деп тап өтті имам. 

Меркі аудандық  «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: