#Меркі ауданы: Қариға құрмет - халыққа міндет

#Меркі ауданы: Қариға құрмет - халыққа міндет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Екпінді ауылы  «Рахымбай  ата» мешітінің имамы  Серікхан Баймаханұлы  тарауық намазын өткізетін Қари жігіттерге құрмет көрсетіп, дастархан жайып күтті.

«Кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірген (мұсылман) болса, қонағын құрметтесін»  деген хадиске амал жасап, ауыл имамы алыстан келген қари жігіттерге дастархан жайып, өз шаңырағына қонақ қылды. Дастархан басында Құран оқылып, имани әңгіме мен  пайдалы уағыз-насихаттар айтылып, дұға жасалды. Құрметке лайық, осы көз алдымызда жүрген, Құранды толық жаттаған қари жігіттер  емес пе? Себебі қариға құрмет - бұл Құранға құрмет. 

Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір өсиетінде: «Кім өзінің қонағына  сый-құрмет көрсететін болса, жетпіс пайғамбарға құрмет көрсеткендей болады. Кім қонағына бір дирхам ақшасын жұмсайтын болса, Алла жолында мың дирхам жұмсағандай болады» деген екен. 


Меркі аудандық  «Меркі ата » мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: