#Меркі ауданы: Бас Имам сарбаздармен кездесті

#Меркі ауданы: Бас Имам сарбаздармен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы Меркі ауданында орналасқан  «11971 әскери бөлімінде» отан алдындағы міндетін өтеп жүрген сарбаздарға уағыз-насихат айтты.

Бас имам -  Ата-анаға құрмет, жастардың індетіне айналған -  лудомания және суицид тақырыбында уағыз-насихат айтып, жас сарбаздарға бағыт-бағдар берді. Өз кезегінде Азамат Берікұлы  суицидтің тығырықтан шығатын жол емес екенін айтып, бұндай  іс-әрекетке қатысты Қасиетті Құраннан, Ардақты Пайғамбарымыздың (Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  хадистерінен нақты дәлелдер келтірді. Алла Тағала  елімзге тыныштық, халқымызға амандық нәсіп етсін! 

Меркі аудандық  «Меркі ата »мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: