Меркі аудындық "Меркі ата" мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы жамағатқа "Ораза ұстаудың тәртібі " турасында уағыз-насихат айтты.
Алдымызда келе жатқан қасиетті Рамазан айына орай, мешітке жиналған жамағатқа аудан бас имамы: " Ораза исламның бес парызының бірі екенін, ораза ұстау бұл - тек ішіп-жеуден, тамақтан ғана тыйылу емес, ораза ұстау деген - бүкіл жаманшылық атаулыдан өзіңнің бойыңды аулақ ұстау. Ораза ұстаушы адам тілімен де, ісімен де біреуге зиян беруден сақтану керек. Қасиетті Рамазан айын намазбен, Құран оқумен, Алла Тағаланы еске алып, садақа беріп және Жаратушы иемізден көп кешірім тілеумен өткізуіміз керек." - деп насихатын айтты.
Келген жамағат оразаға қатысты өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып, бас имам өз кезегінде әр сұраққа тұшымды жауап берді. Жамағат алғысын білдіріп, рақметін айтты.
Меркі аудандық " Меркі ата" мешітінің баспасөз қызметі