Қасиетті Рамазан айының қарсаңында «Жақсымбет ата» мешітінің жамағаты сенбілік өткізді. Ислам мен тазалық екеуі егіз ұғымдас. Алла Тағала «Бақара» сүресінің 222-аятында: «Сөзсіз Алла тәубе еткендер мен тазалағандарды жақсы көреді», – деп, тазалықты мадақтайды.
Қасиетті Құран мақтаған нәрсе, қай заманда да пайдалы, адамның екі дүниесіне өлшеусіз, өміршең сауап әкеледі деген сөз. Ардақты Пайғамбарымыз ( Алланың игілігі мен сәлемі болсын ) « Тазалық - иманның жартысы» - деп бекер айтпаса керек. Алла елшісінің сүннетіне амал етіп «Жақсымбет ата» мешітінің имам-ұстаздары бастап, жамағаты қоштап мешіттің іші-сыртын, ауласын, дәретханасын айнадай қылып тазалық жұмыстарын атқарды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі