Жамбыл облысы Байзақ ауданы Байзақ ауылдық «Тілеш қажы» мешітінің имамы Рахымбек Кенжебекұлының ұйымдастыруымен дін мен дәстүр құндылықтары жылы аясында жамағат арасында аудан деңгейінде баскетболдан жарыс өтті.
Жарыс алдында Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұы: «Дін – адамдық ізгі қасиеттерімізді асқақтатса, салт-дәстүр – ұлт болып қалыптасуымыз үшін қажет. Дәстүр – ұлтты рухани жандандырып, оның ішкі және сыртқы келбетін өрнектеп, көрсетіп тұратын сипаттар. Демек, дін мен дәстүр – қашанда бір-бірімен сабақтас ұғым. Осыдан 12 ғасыр бұрын бабалар жүрегі иманға ұйып қабылдаған Ислам діні әрбір халықтың, ұлттың өзіндік құндылықтары және ерекшеліктері – әдет-ғұрпына ерекше көңіл бөлген. Соның дәлелі, Ислам дініне дейін де даламыздың өз заңдары, қағидалары, наным-сенімдері болды. Олар шым-шымдап сіңген шариғат дәстүрлерімен біте қайнасып кетті. Осылайша шариғат заңдарына қайшы келмейтін қағидаттар мен ортақ бір қосынды дәстүр пайда болды. Сондықтан ислам ғұламалары әдет-ғұрып мәселесін талдап, оның өзін жеке тақырып етіп зерттеген», деп 2024 жылды ҚМДБ төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазірет бағдарлық баяндамасында «Ислам және дәстүр құндылықтары» жылы деп жариялаған болатын. Қазақ халқының дәстүрін насихаттау мақсатында түрлі форматта шаралар өтуде. Соның бір дәлелі бүгінгі ұйымдастырылған баскетбол ойыны», - деді. Жарыс соныңда орын алушыларға бағалы сыйлықтар, диплом және медальдар берілді.