Меркі ауданы, Қызылқыстақ ауылы "Әл-Кәрим" мешіті қасиетті Рамазан айына дайындықты бастап кетті. Қасиетті Рамазан айында азан дауысы ауыл тұрғындарына жақсы естілсін деп, "Әл-Кәрим" мешітінің істен шыққан дыбыс зорайтқыштары жаңасына ауыстырылды. Сонымен қатар түнгі шамдары жаңартылды.
"Осы игі іске демеушілік жасаған ауыл жастарына алғысымыз шексіз! Алла Тағала ниеттерін қабыл етіп, екі дүние бақытын нәсіп етсін!" - дейді ауыл имамы.
Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінің баспасөз қызметі