Тәтті ауылы «Тәтті» мешітінің дыбысзорайтқышы ауыстырылды. Алдыңғы дыбыс зорайтқыштар ескіріп, дұрыс істемей, күйіп кеткен еді. Сол себепті, ауыл имамы мен мешіт жамағаты қасиетті Рамазан айында ауыл тұрғындарына азанның даусы анық әрі жақсы естілсін деп жаңа дыбыс зорайтқыштарды орнатты.
Азан сөзі арап тілінен аударғанда — хабарлау, құлақтандыру деген мағынаны білдіреді. Ал шариғаттағы мағынасы — мұсылмандарды уақыты кірген намазға шақыру дегенді білдіреді.
Ауыл имамы осынау игі іске атсалысқан барша ауыл тұрғындарына өз алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі