#Меркі ауданы: Аудан имамдары Меркі аудандық мұражайын зиярат етті

#Меркі ауданы: Аудан имамдары Меркі аудандық мұражайын зиярат етті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданының Бас имамы Азамат Берікұлы және  аудан-ауыл имамдары Меркі аудандық мұражайына барды.

Бас муфти Наурызбай Қажы  Тағанұлы  өз сөзінде: " Қазір әлемдік қауымдастық өзінің дәстүрлі құндылықтарын қайта жаңғыртуға күш салуда. Өйткені жаһандану заманында дәстүрлі құндылықтарды сақтап қалу маңызды мәселеге айналды. Халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі Исламды дәріптеу, оның ғылыми-теориялық негізін дамыту мәселесі мемлекеттік деңгейде көтеріліп келеді. Осындай мәселелер мен бастамаларды ескере келе, 2024 жылды діни қызмет аясында «Ислам және дәстүр құндылығы жылы» деп жарияладық. Бұл бастама дәстүрлі дінімізді, ата-бабамыз сан ғасырдан бері ұстанып келген діни жолымызды, төл мәзһабымызды, ұлттық құндылықтарымыз бен қазақы болмысымызды дәріптеуге серпін береді. Дәстүріміздің дінімізде алар орны ерекше. Ислам діні халық ұстанған дұрыс әдет-ғұрыптарға тыйым салмаған. Өйткені сан ғасырдан бері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан салт-дәстүрлер құқықтық нормалар бастауларының бірі саналады. Ғұрыппен әмір ету – шариғатымыз рұқсат берген істің бірі." - деген еді.

Осы 2024 жыл "Ислам және дәстүр құндылығы жылы" аясында Меркі ауданының  имамдары да, Меркі аудандық музейіне барды. Себебі Мұражай - тарихты танытатын негізгі құндылық. Ал тарихын дұрыс білмеген елдің болашағы бұлыңғыр болып келеді. Имам-ұстаздар тарихтан тағылым алып, өткенімізге көз жүгіртіп, ер-жүрек ата-бабаларымыздың жүріп өткен даңғыл жолынан, өскелең ұрпақ үшін осы ұланғайыр атырапты сақтап, дініміз бен  ұлтымыздың аман қалуы  үшін аянбай еңбек еткен, асыл даналарымыздың өмірінен ғибрат алып қайтты.

Имамдарымызды жылы шыраймен қарсы алған Музей директоры  Айдын Базиловқа және  қызықты экскурсия жүргізіп, тарихи жәдігерлер жайлы пайдалы әрі тың ақпарат берген Айман Жексенбайқызына,  барша "Меркі аудандық  тарихи - өлкетану музейінің" қызметекерлеріне алғыс айтамыз! 

Тарихымызды ұмытпай, дәріптеп, ата-бабамыздың ұрпақ үшін жасаған ерен еңбегін естен шығармайық! 

Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: