#Байзақ: ОБЛЫС НАИБ ИМАМЫ ЖАСТАРҒА НАСИХАТ АЙТТЫ

#Байзақ: ОБЛЫС НАИБ ИМАМЫ ЖАСТАРҒА НАСИХАТ АЙТТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің жамағатына «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Есет Таласбаев уағыз-насихат айтты.

Насихат барысында Таласбаев Есет: «Дін адамзаттың пайдасы мен игілігін, мейірімділік пен әділдікті көздейді. Дінді Алла жіберіп, діннің қағидаларына сәйкес өмір сүруді адамнан талап етеді. Әрине Алла тарапынан жіберілмеген көптеген жасанды діндер бар. Адамзат үшін жіберілген соңғы дін – ислам. Ал ислам адамзаттың барлық мәселесіне жауап беретін дін. Ислам мұсылмандарға әрбір нәрсенің сұрауы мен жауапкершілігі барын ескертіп, тиісінше барлық мәселеге аса байыппен қарауды бұйырады. Мәселен, ата-анаға қамқорлық ету бұйырылып қана қоймай, отбасы мен перзентіне қамқорлық жасауды міндеттеген. Дініміз отбасы мен балаларына танытқан мейірімділікті Алла жолына шыққан жорықпен пара-пар сауапты іс деп бағалаған. Дін адамның өмірге келместен алдыңғы жағдайынан бастап, өмірі мен тіршілігін және о дүниесіне қатысты жағдаяттың қалай болатынын Құран мен сүннет арқылы білдіреді. Адамның жастық шағына тиісті жауапкершіліктер мен міндетемелерді жүктейді», - деп, «Жастар тәрбиесінің өзектілігі» тақырыбын кеңінен айшықтап түсіндірді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: