Мойынқұм ауданының бас имамы Р. Еспенбетов Қарабөгет ауылында құрылысы жүріп жатқан жаңа мешіттің жұмысының жүйесін бақылап қайтты.
Мешіт Алланың үйі, адамның жанының тыныштық табатын бір ден бір орын болғандықтан әр - бір ауылда мешіттің бой көтеріп тұрғандығы жақсырақ. Руханият үйі халықтың бірлігі мен кәсіпкерлердің қолдауының себебімен соғылып жатқандығын айта кетсек. Жаңа мешіт құрылысының бітіп, халық игілігіне берілу жоспары биылғы жылдың Тамыз айының ішінде деп қарастырылып отыр. Алла сол күнді нәсіп етсін.
Ғ.Әлім
Мойынқұм тілшісі