#Байзақ: II АЙМАҚ ИМАМДАРЫНА СЕМИНАР ӨТТІ

#Байзақ: II АЙМАҚ ИМАМДАРЫНА СЕМИНАР ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылдық «Шолпан Дәуіт» мешітінде II аймақ имамдарына «Ізгі қоғам – өзіңді өзгертуден басталады» тақырыбында семинар өтті. Семинар жұмысына Байзақ аудандық мешітінің наиб имамдары Азамат Боранбайұлы мен Бақытбек Бауыржанұлы қатысты.

Алғашқыда сөз алған Азамат Боранбайұлы: «Ізгі қоғам құру сыйластықтан, бауырмалдықтан, кішіпейілділіктен, кешірімнен, жалпы айтқанда ізеттіліктен басталады. Үлкен ата-әжелеріміз бізге өсиет айтқанда «бір-біріңді тіріңде құрметтеңдер» деп отырушы еді. Өсе келе бұл сөздің мәнін ұға бастадық. Махамбет Өтемісұлы өлеңдерінің бірінде тіріңде сыйласпасаң, өлгенде жылама, деген ойды алға тартады. Қазір, өкінішке қарай, адамдардың тірісінде қадіріне жете алмай жатырмыз...

Заманында би болған Саққұлақ дейтін данышпаннан сыйластық туралы сұраған екен. Сонда Саққұлақ би: «Адамның басшысы – ақыл, шолушысы – ой, жетекшісі – талап, қорғаушысы – сабыр, сынаушысы – халық, таусылмайтыны – арман, ең қымбаттысы – ар сақтау, бәрінен ардақтысы – адал өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі – сыйластық» деп жауап берген екен», - деп сөзін түйіндеді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: