#Байзақ: IV АЙМАҚ ИМАМДАРЫНА СЕМИНАР ӨТТІ

#Байзақ: IV АЙМАҚ ИМАМДАРЫНА СЕМИНАР ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Мәдімар ауылдық «Мәдімар» мешітінің имамы Рахметов Жақсылықтың ұйымдастыруымен IV аймақ имамдарына «Концептуалды құжаттарды» таныстыру мақсатында семинар өтті. Семинарға арнайы Байзақ ауданының наиб имамдары Азамат Боранбайұлы мен Бақытбек Бауыржанұлы қатысты.

Байзақ ауданының наиб имамы Азамат Боранбайұлы семинарда ҚМДБ қабылдаған Концептуалды  құжаттарды ауыл имамдарына түсіндіріп, құжаттардың маңызы мен мәніне кеңінен тоқталды. «Діни лауазымдар тізілімі» мен «ҚМДБ қызметкерінің этикасы» құжаты жайында баяндама жасап, имамдардың жұмысы мен қызметін жетілдіруге және жамағат арасында ислам құндылықтары мен ата-бабамыз ұстанған салт-дәстүрді дәріптеуге бағытталған концептуалды құжаттарды насихаттау керектігін айтты.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: