#Меркі ауданы: Әдеп кеңесінің жиыны өтті

#Меркі ауданы: Әдеп кеңесінің жиыны өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының басшылығымен ауданға қарасты «Әдеп кеңесі» мүшелерімен жиын өтті.

Жиында өткен жылда атқарылған жұмыстардың жемісі мен кемшіліктері айтылып, үстіміздегі жылы кемшіліктер мен олқылықтарды түзеп, жетістікті арттыру сөз болды. Әр қызметкер өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті.

Бас имам жиын соңында мешіт қызметкерлерінің киім үлгісі, жүріс-тұрысы мен мінез-құлқына басты назар аударылатынын айтып, осыны жіті бақылауда ұстау керектігін тапсырды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: