ЖАМАҒАТҚА СУДЫ ЫСЫРАП ЕТПЕУ НАСИХАТТАЛДЫ

ЖАМАҒАТҚА СУДЫ ЫСЫРАП ЕТПЕУ НАСИХАТТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Су адам өміріндегі ең негізгі нығмет саналады. «Судың да сұрауы бар» деген дана қазақ судың баға жетпес байлық екендігін терең түсінген. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): суды мөлшерінен көп пайдаланып дәрет алып жатқан Сағдке: «Мынау не деген ысырапшылдық?»,- дегенде, Сағд: «Уа, Алла елшісі! Дәрет алғанда да ысырап болады ма?»,- деп таң қалады. Сонда пайғамбар (с.ғ.с): «Әрине, тіпті, ағын суға дәрет алып тұрсаң да суды ысырап етпе!»,- деп ағын судан дәрет алса да ысырап жасамау керектігін ескерткен болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев та су ресурстары және оны тиімді пайдалану жайлы бірқатар тапсырмалар берген болатын.

Осы орайда, Жамбыл облысы бойынша мешіттерде су ресурстарын дұрыс пайдаланып, ысырып етпеу жайлы жұмаға келуші жамағатқа қысқаша ескерту айтылды. Сондай-ақ мешіттердегі дәретханаларға суды үнемдеу, ысырап етпеу жайлы тақтайшалар ілінді.

"Һибатулла  Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: