Меркі ауданына қарасты «Достық» мешітінің имамы Халыллаев Тойлыбайдың ұстаздығымен мешітке келуші жамағаттарға «Қасиетті Рамазанға дейін Құранға түс» атты дәрістер күнделікті өз уақытылы жүргізіліп жатыр.
Мешіт жамағатының дәріске деген ынтасы жоғары. Шәкірттердің ынтасын көрген ауыл имамы уақытты зая кетірмей қасиетті Рамазан айына дейін Құран Кәрімді жүзінен оқуға түсіру жоспарда бар. Шәкірттердің алды Құран жаттап, арты «Мұғалім сәни» кітабының бел ортасына жетті.
Мешіт жамағаты мен шәкірттер ауыл имамына өздерінің шынайы ықыластары мен алғыстарын білдіруде. Алла Тағала Елімізден, Жерімізден Құран жаттаған, білімді азаматтардың көптеп шығуын нәсіп етсін!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі