#Меркі ауданы: Әкім орынбасары аудан имамдарымен кездесті

#Меркі ауданы: Әкім орынбасары аудан имамдарымен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ауданға жаңадан тағайындалған әкім орынбасары Мейірхан Азатұлы ауданға қарасты дін қызметкерлерімен кездесті. Аудандық «Меркі ата» мешітінде өткен жүздесуге Меркі өңірінің бас имамы Азамат Берікұлы және аудан, ауыл мешіттерінің имамдары мен наиб имамдары қатысты.

Кездесуде Мейірхан Азатұлы мешіт имамдарына аудан әкімінің сәлемдемесін жеткізе отырып, аудандағы діни бірлестіктердің қатынасы, жалпы діни ахуал төңірегінде сөз қозғаса, Азамат Берікұлы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес, мешіттерде биыл жарияланған “Ислам және дәстүр құндылығы” жылы аясында түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастыру қолға алынғанын баяндады.

Жиын соңында әкім орынбасары ізгі ниетті, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, бәсекеге қабілетті, патриот ұрпақ тәрбиелеп, кемелденген қоғам қалыптастыруда дәстүріміз бен қазақ ойшылдарының насихатын дәріптеудің маңыздылығын түсіндіріп, халық игілігі үшін қоғам институттарымен бірлесе берекелі істер атқаруға шақырды. Артынша Еліміздің, Жеріміздің амандығы үшін дұға жасалды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: