Шу аудандық "Жәми" мешітінде кезекті уағыз дастарханы жайылды. Бас имам Алмас Кенжемолдаев пен "Кәрібай молда" мешітінің имамы Аят Дыбысұлы жамағатқа қоғамдағы түйіткілді тақырыптар бойынша насихат айтты.
Ұмра қажылығы, исра және миғраж оқиғасы, ізгі қоғам, дін мен дәстүр тақырыптарына ерекше тоқталып, көпшіліктің сұрақтарына жауап берді. ҚМДБ бойынша тапсырылған іс-шаралар легі талқыланып, бірлесе ұйымдастыруды қолға алу жоспарланды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі