Шу ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаев Шу қаласы "Кәрібай молда" мешітіне арнайы зиярат етіп барып, зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Бас имам мешіт имамы Аят Дыбысұлымен және қызметкерлерімен жүздесіп, хал-ахалдарын сұрады. Мешіттің хай-күйін қадағалап, тазалық, намаздардың уақытылы орындалуы, уағыз кестесі сынды жоспарлы жұмыстарды тексерді.
Жамағатпен жүздесіп, уағыз айтты. Көпшіліктің сұрақтарына жауап беріп, жамағаттың білім деңгейін де бақылады.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі