#Рысқұлов: Құмар ойын - қоғам дерті

#Рысқұлов: Құмар ойын - қоғам дерті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Тұрар Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылы «Қожай баба» мешітінің имамы Аубакиров Жанболат орта мектептің оқушыларына «Құмар ойын – қоғам дерті» тақырыбында уағыз-насихат айтты.

Ауыл имамы насихатында: «Құран Кәрімде «Оңай жолмен мал табу, жеңілдің астымен жүру» мағынасында жеңіл сөзінің түбірінен шыққан "Мәйсир" сөзі қолданылады. Ал құмар ойындарына ғұламалардың берген анықтамасы: Бірден көп адамның бас қосып, кездейсоқ сәттілікке үміттеніп ұтыс мақсатымен бәс тіге отырып ойын ойнауы дегенді білдіреді.

  Құмар ақыры қандай болатынын білместен ықтимал ұтысқа сүйене отырып ақша, құнды зат тігу, басқаша айтқанда бәс тігіп кездейсоқ нәтижемен табыс табуға үміт арту болып табылады. Сондықтан да ойынның қандай түрі болмасын осы сипаттарға ие болса ол құмар, әрі тыйым салынған ойын болып табылмақ,- деп, мектеп жастарын бұндай құмар ойындардан бойын аулақ ұстауға шақырды.

Қуаныш Тузелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: