Тұрар Рысқұлов ауданы Көгершін ауылы «Көгершін» мешітінің имамы Ерметов Қайрат ауылдық орта мектептің жастарына діни ағымдар мен секталардан сақтанудың жолдарын түсіндірді.
Қайрат имам кездесу барысында жастарға: «Сан ғасырдан бері Ислам дінін ұстанып келе жатқан қазақ халқы ұлттық аспабымыз саналған домбыра арқылы ән, терме-толғау шырқап, тыңдаушыны имандылыққа, ізгілікке, адамгершілікке, Отанды қорғауға, ата-анамызды қадірлеуге шақырған. Жырауларымыз ел басына күн туған шақта батырларымызды жігерлендіру мақсатында қара домбыраны қолға алып, жыр айтып отанды қорғауға үндеген.
Бұл жырлар жауангерлерімізге рух берген. Кейбір дін ұстанған жастарымыз әлеуметтік желіде «домбыра шерту – харам», «сәлем салу – харам» деген мағына пікір айтқан сәтте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы әлеуметтік желі қолданушыларын «домбыра шерту, беташар жасау, сәлем салу – харам» деген мағынада біржақтама, негізсіз пікір айтып, халық арасында түсінбеушілік тудырмауға шақырып, ұлттық құндылықтарға қарсы келу дұрыс емес»,- екенін айтып жеткізді.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі