#Тараз: Қариялардың көңілін сұрап қайтты

#Тараз: Қариялардың көңілін сұрап қайтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Халықаралық қарттар күніне орай "Кеңесхан қажы" мешітінің ұстазы Зейнеп Жәдігерқызы бастаған шәкірттер тобы "Қазыналы қарттарым аман болсын" ұранымен кезінде медреседе білім алып, қазір қарттығына байланысты мешітке келе алмай жүрген апаларды зиярат етіп қайтты. 

Қыздар тәттілер пісіріп, сыйлықтарын алып 10 шақты ақ жаулықтының үйін аралап, қонақ болды. Әжелер де "Бізді ұмытпайтын шәкірттер бар екен" - деп қуанып, жастарға батасын берді.

"Бұрынғыларды көрмегендер батысқа қарай еліктейді, сондықтан көненің көзі болған әжелерді көріп өнегесін алсын деген ниетпен әрі қарттарымызды қуантайық деен оймен осы бастаманы қолға алдық" - деді ұстаз өз сөзінде. Шарадан үлкен әсер алған шәкірттер көңілдері жайланып, қуанып, риза боп тарқасты.  

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: