Биыл қазақтың һас батыры Жауғаш Қырбасұлының туғанына 290 жыл. Осыған орай аудан көлемінде мерейтойлық іс-шара болып өтті. Мерейтой Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының Жауғаш Қырбасұлының рухына Құран бағыштауымен басталды.
Мерейтойлық іс-шараға 20 дан аса қазақ үй тігіліп, ауданға қарасты барлық ауыл және аудан тұрғындары белсене қатысты.
Сонымен қатар Қырғызстан еліндегі Степной ауылында тұратын Жауғаш батырдың ұрпақтары да өз отауларын тігіп, іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне ат салысты.
Жиын барысында, Жауғаш Қырбасұлына арналған көрме мен кітап жинақтары қалың көпшіліктің назарына ұсынылды.
Әрі қарай өнер жұлдыздары мен аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарлама ұйымдастырып, жиналған халықтың көңілін көтерді.
Сонымен қатар, ұлттық спорт түрлері көкпар, бәйге сынды іс-шаралар ұйымдастырылып, мыңнан озық шыққан жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.
Мерейтойлық іс-шараның өтуіне демеушілік білдірген ауданға қарасты барлық ауыл тұрғындарына алғысымызды білдіреміз. Алла Тағала Елімізден, Жерімізден осындай батырларымыз көптеп шығуын нәсіп етсін!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі