Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің әйел-қыздар жамағаты мен шәкірттерінің қатысуымен қасиетті мәуліт айында Пайғамбарымыздың әйелдерге қатысты айтқан 40 хадисінен жарыс өтті. Жарысты ауданның бас имамы Сұлтаншәріп қажы сөз сөйлеп ашқаннан кейін, аудандық мешіттің наиб имамы Қуаныш Досымжанұлы жүргізіп, әділ қазылық етті.
Жарысқа дейін аудандық мешітке жаңадан қызметке тағайындалған Шынали Айгерім ұстаздың жетекшілігімен қызу дайындық жасаған болатын. Сол алған білімдерінің нәтижесіне жетіп, 1 ші орынды Алимбекова Шарапат, 2 ші орынды Телекей Мадина, 3 ші орынды Утегенова Камила иеленіп, жүлделі сыйлықтармен марапатталды. Хадис жаттап жарысқа қатысқан әрбір қатысушыға ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі