#Рысқұлов: Терроризм және діни экстремизмнің алдын алу

#Рысқұлов: Терроризм және діни экстремизмнің алдын алу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылы «Қасымбай ата» мешітінің имамы Әбілдаев Нұрқияс Құлан агротехникалық жоғары колледжінің жастарымен кездесіп, «Терроризм және діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында семинар жасады.

Нұрқияс имам семинар барысында жастарға: «Дінді өздерінің саяси мақсаттарына қолданатын экстремистік және террористік ұйымдар мемлекеттің ішкі қауіпсіздігіне және қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа ерекше қауіп төндіреді. Дін мен оның құндылықтарын бетперде еткен жалған уағызшылар алауыздық пен өшпенділік туғызып, төзімсіздік пен қысым орнатуда.

Діни экстремизмнің басты сипаты – адамдарға ұстанатын сенімі бойынша өшпендiлiк пен озбырлықты, соның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе күш қолдана отырып шақырумен байланысты қысым көрсету, сондай-ақ азаматтардың қауiпсiздiгiне, өмiрiне, денсаулығына, сеніміне немесе құқықтары мен бостандықтарына қатер төндiретiн кез келген дiни тәжірибені қолдану. Діни экстремизм – діндегі шектен шыққан көзқарастар мен әрекеттерге берілгендік. Экстремизмнің қорқыту, үркіту, агрессиямен және шектен шыққан қаталдықпен сипатталатын белгілері көп»,- деп сипаттама берді.

Қуаныш Тузелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: