Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің әйел-қыздар жамағаты мен шәкірттері Қасиетті Мәуліт айында мешітте дастархан жайып, салауат айтты. Сонымен қатар, аудандық мешіттің ұстазы Айгерім Махмутқызы Пайғамбар сирасынан сұрақтар қойып, шәкірттер жауап берді.
Бұл іс-шараны өткізудегі мақсат – Пайғамбар сирасымен танысып, үлгілі өмірінен үгіт-насихат алып, бұл дүниеде пайдаға асырып, амал етіп бақытты құмыр кешу болатын. Айта кететін нәрсе, ауданымыздан орталық мешіттің 4 шәкірті облыстық сира жарысына дайындық жасауда.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі