Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы Құлан ауылы Құлантөбеде болған ұлттық ойынның бірі көкпарға барып, шабандоздарға бата берді. Сонымен қатар, көкпар барысында асыл дініміз қайтарған қызбалыққа, ашушаңдыққа салынудан, боқауыз былапыт сөздер сөйлеуден қайтарып, ұстамдылықпен, сабырлықпен, татулықпен тартуға шақырды.
Дін мен дәстүрін қатар ұстаған ата – бабаларымыздың жолымен жүрген жамағатқа ізгі тілегі мен жылы лебізін білдірді.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі