#Рысқұлов: Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті түсіндірілді

#Рысқұлов: Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті түсіндірілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажының шақыртуымен әлеуметтік желіде уағыз айтатын имамдарға уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті түсіндірілді.

Аталмыш семинарды өткізудегі негізгі мақсат – аудан аумағында орналасқан барлық мешіт имамдары мен ұстаздарына уағыз-насихат айтудың мәдениетін түсіндіру. Семинарды аудан имамы Сұлтаншәріп қажы ашып, жиналған дін қызметкерлеріне аталмыш тақырып бойынша баяндама оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мешіт имамдарының білімі, әдептілік мінез-құлық қағидалары, қазақ мәдениеті және ислам құндылықтары, тарихы, исламдағы сенім, ақида мәселелері, қазіргі кезде әлеуметтік желі мүмкіндігін терең пайдалану туралы тақырыптар қозғалып, түйткілді мәселелер талқыланды.

Қуаныш  Тузелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: