Жуалы ауданы әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің мұрындық болуымен «Дін саласында ақпараттық-түсіндіру және ағарту іс-шараларын ұйымдастыру» бойынша әлеуметтік жоба іске қосылған болатын.
«KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде жиын өтті. «Дін және қоғам» атты тақырыпта жасалған шараға ҚР ҒЖБМ Ғылым Комитеті Философия, саясаттану және Дінтану орталығының директоры, РАТТ сарапшысы, PhD доктор Шағырбай Алмасбек Дүйсенбекұлы, аудан имамдары және басқа қызмет өкілдері қатысты.
Жиыннан соң аудандық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде арнайы қонақ Шағырбай Алмасбек Дүйсенбекұлы мешіт жамағаттарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.