Шу ауданы "Төле би" мешітінде ұстаздар күніне орай мешіт шәкірттері Әйел-қыздар секторының ұстазы Насихат Доғдырбайқызына сый-құрмет жасады. Көпшілік жылы лебіздерін білдіріп, тіліктерін жаудырды.
Бала бойында білім нәріне себетін, адамгершілік дәнін егетін басты тұлға - ұстаз. Адам жанын нұрландырар ұғымының ұлысы - ұстаз. Ұстаздық ұлы қасиет. Ұстаз - білім нәрімен сусындаған жан. Абай атамыз «сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деп айтқандай әр оқушыға білім беріп, оған өмірлік бағыт сілтеп, өмірге «кірпіш» болып қалануына зор үлес қосушы - ұстаз.
Сонымен қатар мешіт ұстазының ұйымдастыруымен қарттар күніне орай жамағаттағы ең белсенді 6 апаға сыйлықтар тарту етілді. Әйелдер қауымына дастархан жайылып, жиында уағыз-насихат айтылды. Ақ жаулықтылар бата беріп, нәзік жандылар қуанышқа толы рухани отырыстан нәр алып қайтты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі