#Қордай: Мәуліт мерекесі аталып өтті

#Қордай: Мәуліт мерекесі аталып өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мұсылмандардың жолбастаушысы болған Мұхаммед пайғамбардың (Алланың оған игілімен сәлемі болсын) өмір есігін ашқан Мәуліт айының орны ерекше. Елімізде жыл сайын Мәуліт мерекесі барлық аймақта кең көлемде аталып өтіледі.

 Осыған байланысты, Қордай ауданы, Сортөбе ауылы «Хамид Бен Бадый» мешітінде Мәуліт жыры оқылып, ақ дастархан жайылды. Бұл жиынға аудандық бас имам да қатысып, жамағатқа келелі уағыз айтып, жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтады. Дастархан басында Құран аяттары оқылып, пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өнегелі өмірі жайлы тағылымды әңгімелер айтылды. Жиын соңында ауыл ақсақалдары дұға жасап, осы мерекеге жиналған баршасы өздерінің алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Аудандық "Қордай" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: