#Қордай: Мәуліт мерекесінің құрметіне дастархан жайылды

#Қордай: Мәуліт мерекесінің құрметіне дастархан жайылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қарасай ауылы «Еңбек» мешітінде Мәуліт мерекесінің құрметіне ақ дастархан жайылды. Ауыл молдасы Абитаев Адамбек жиынды ең алдымен Алла Тағалаға мадақ, пайғамбарымызға (Алланың игілігімен сәлемі болсын) салауат айтумен бастады.

Дастархан басында жиылған көпшілікке тағылымды әңгімелер, келелі уағыз-насихат айтылды. Жиын соңында, Құран аяттары оқылып, ел-жұртымыздың, халқымыздың тыныштығы үшін дұға жасалды. Ауыл ақсақалдары, батагөй қариялар мен келген қонақтар ыстық лебіздерін білдіріп, алғыстарын айтты.

Аудандық "Қордай" мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: