Қордай ауданы, Ауқатты ауылы «Ауқатты» мешітінде Пайғамбарымызға (оған Алланың игілі мен сәлемі болсын) арнап Мәуліт жыры оқылып, жамағатқа ақ дастархан жайылды.
Мешіттің имамы Хонан Суалир Сулейманович Алла елшісінің ( с.ғ.с ) өнегелі өмір жолы, оның тағылымға толы істері жайлы жиналған көпшілікке уағыз айтты. Аталмыш мерекеге келген баршасы дастарханнан дәм татып, ауылдың батагөй қариялары дұға жасап, бата берді.
Аудандық "Қордай" мешітінің баспасөз қызметі