#Қордай: Мүмкіндігі шектеулі жандар күні аталып өтті

#Қордай: Мүмкіндігі шектеулі жандар күні аталып өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Елімізде қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күні аталып келеді. Бұл Біріккен ұлттар ұйымының ұйғарымымен 1992 жылдан бастап аталып өтілуде. Мақсаты – мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын сақтау, әлеуметтік жағдайын жақсартуға айрықша назар аудару.

Осыған орай ауданымызда мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында спорттық жарыс ұйымдастырылды. Қордайдағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өткен іс-шараға мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығынынң тәрбиеленушілері қатысты. Олар алты топқа бөлініп, өзара мықтыны анықтады. Ең бастысы – жарысқа қатысушылардың денесі ширап, көңілдері көтеріліп, көрермендерден ақжарма тілектер естіді. Бұл күні күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сынды қасиеттер басты рөлде болды. Мүмкіндігі шектеулі болса да, бойына аталған қасиеттерді сіңіре білгендер аз болмады. Балақайлар жақсы өнер көрсетіп, көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Ашылу салтанатында «Amanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы Б.Жамангозов, аудандық маслихат депутаты Ә.Омаров, Қ.Қыпшақбаев және аудандық «Қордай» мешітінің бас имамы А.Егізбаев жарысқа қатысушыларға мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі. Іс-шара соңында аудандымыздың бас имамы, аудандық мешіттің атынан кішкентвй бүлдіршіндерге сый-сияпат таратты.

Аудандық "Қордай" мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: