«Мәуліт айы» - Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірін сауапқа толы сүннет амалдарын халыққа насихаттаудың, дініміздің асыл құндылықтарын дәріптеудің таптырмас мүмкіндігі. Бұл айда мешіттерде Аллаға мадақ, Пайғамбарымызға салауат айтылып, мәуліт жыры оқылады. Осыған байланысты, аудандық «Қордай» мешітінің бас имамы мен мешіт наиб имамдары Жұмабайұлы Зейне және Бахрам Асан мәуліт жырын оқыды. Жиналған жамағат қосыла салауат айтып, рухани жиынның мәні кірді.
Ауданның бас имамы барша жамағатты Мәуліт мерекесімен құттықтап, ардақты Пайғамбарымыздың (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құрметіне, қасиетті мерекеге арнап уағыз-насихат айтты. Мәуліт соңында Құран аяттары оқылып, елімізге тыныштық, халқымызға береке-бірлік тілеп дұға жасалды.
Аудандық "Қордай" мешітінің баспасөз қызметі