#Байзақ: АУЫЛДЫҚ МЕШІТТЕ МӘУЛІТ ОҚЫЛДЫ

#Байзақ: АУЫЛДЫҚ МЕШІТТЕ МӘУЛІТ ОҚЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Елімізде дәстүрлі мерекеге айналған Мәуліттің бірнеше ғасырлық тарихы бар. «Мәуліт» сөзі соңғы елшінің туған күнін білдіреді. Мәуліт айында түрлі қайырымдылық, қоғамдық іс-шаралар өткізіліп, дастархан жайылып, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жайлы жазылған жырлар оқылады, салауаттар айтылады.

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Талас ауылдық «Ан-Нағим» мешітінің имамы Сейдали Тафилбекұлының ұйымдастыруымен ауыл жамағатына мәуліт оқылды. Айтулы шараға аудан бас имамы Қанат Әділханұлы, «Байзақ баба» мешітінің наиб имамдары Бердалиев Мұхит, Сағымбаев Бақытбек, аймақ жетекшілері, ауыл имам-молдалары мен ауыл тұрғындары қатысты.

Мәуліт жырын «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Бақытбек  Сағымбаев оқып, елдің амандығы үшін дұға жасалды. Осынау игі шараны ұйымдастырған ауыл имамы Сейдали Тафилбекұлына жиналған көпшілік алғысын білдірді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: