Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Масаншы ауылы «Қордай» Құран қариларын дайындау орталығы шәкірттерімен кездесу болып өтті. Медресе директоры Шерниязов Ғалымжан Сайлауұлы мен Жамбыл ауданының бас имамы Құттыбаев Дәурен Нұржанұлы шәкірттерге «Діни сауаттылықты арттыру, экстремизм мен терроризмнің алдын алу» жайында уағыз-насихат айтты.
Білім ізденуші шәкірттер қатысқан кездесуде жат діни ағымдардың ішкі және сыртқы сипаттары туралы, қоғам құндылықтарына кері әсері тиетіндігі жайлы сөз өрбіді. Сондай-ақ, діннің тәрбиелік орны, оның мәні мен маңызы айтылып, жастардың діни сауаттылығын арттыру жайында сөз қозғалды. Тақырып толығымен ашылып, кездесу соңында шәкірттер көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алды.
Аудандық "Қордай" мешітінің баспасөз қызметі