Ана болу - бұл армандардың асылы, қарым-қатынастың құлпы, өзің үшін ғана өмір сүруді тоқтату, жауапкершілікті сезіну, өз анаңның қадірін шын сезіну, есейіп, ес жинау, мықты болу.
Бірлік үстем ауылында ұстаз Зейне Жанұзақ "Ана болудын діндегі орны және бала тәрбиесі" тақырыбында уағыз-насихат айтты. Әйелдердің денсаулығына қатысты өткен шарада нәзікжандылар дені сау ана болу жолында қажетті болар құнды деректермен сусындап, көкейлерінде жүрген түрлі сауалдарына жауап алды.
Сонымен қатар мектеп психологы Айгерім Абдикаликова ата-ана, бала психологиясы турасында мағұлматтар беріп, көпшіліктің сұрақтарына жауап берді. Бала тәрбиесінде жасалатын қателіктерді тізіп, оның орнына жасауға қажетті дұрыс әрекеттерді атап өтті.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі