Меркі ауданы Беларық ауылы тұрғындары көптен күткен қуанышына қол жеткізіп, "Беларық" ауылдық мешітінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Ашылу салтанатына ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы, Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлы, сондай-ақ Меркі ауданының әкімі орынбасары Бахытхан Жаханұлы мен өңірге белгілі ақсақалдар және ауыл тұрғындары қатысты.
Іс-шара Құран оқуымен басталып, өкіл имам Бейбіт Әліпбекұлының Беларық ауылының тұрғындарын мешіт ашылуымен құттықтады. Арнайы мешітке сыйлығын табыстап, мешіт салған Қуандық Қуанышбекұлы мырзаға алғысын білдіріп, мешітке жаңадан тағайындалған имамды таныстырып, қызметінде абырой-бедел тіледі.
Ашылу салтанатынан кейін жиналған қауымға арнап дастархан жайып, ас берілді. Дастархан басында Құран оқылып, өкіл имам Бейбіт Әліпбекұлы мешіт салудың, оған қарайласып жүрудің сауабын уағыздады. Соңынан аудан әкімі орынбасары, ел ақсақалдары сөз сөйлеп, мешіт ашылуымен құттықтады.
Сонымен қатар ауыл тұрғындары өздерінің ізгі тілектерін білдіріп, осы істің басы қасында жүрген, мешіт салған Қуандық мырзаға алғыстарын білдірді.
Беларық ауылында ашылған бұл мешітте бір мезетте 80-100 адамдай құлшылығын өтей алады. "Осындай игі іске қол ұшын созып жатқан жомарт жандарға ізгі ниетімізбен алғысымызды білдіреміз. Алла Тағала қызметтерінде абырой бедел берсін. Демеушілік жасап жатқан бауырларымызға дұғадамыз" - дейді қариялар.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі