Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің наиб имамы және аудандағы жастар ісі секторы Түзелбеков Қуаныштың бастамасымен мешіт жастары арасында кіші футбол ойыны басталды. Футбол ойыны аптасына екі күн Луговой ауылдық спорт кешенінде өтеді.
Денсаулық - өлшеусіз байлық. Ұлтымыз: «Ден сау болса ғана барлығы да болады» деп, алдымен денсаулықты ойлап, бәрінен бұрын денсаулықты ойлаған. Ұлтымыздың сан ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениетінде және тұрмыс салтында денсаулықты қорғауға байланысты көптеген әдіс-тәсілдер мен салттар бар.
Халқымыз денсаулықтың қадірін жете білген. Қазақ халқы тарихтың талай күдірлі белестерінен сүрінбей асуы да ұлттың саулығына тікелей байланысты болса керек. Халқымыз дені сау, ойы жинақы болғандықтан ғана жауынгер рухты болып тәрбиеленіп, осынау кең даланы қорғап қалды.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі