#Шу: "Асайын калпе" мешітінде мәуліт оқылды

#Шу: "Асайын калпе" мешітінде мәуліт оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мұсылман қауымының мәні мен маңызы ерек мерекелері бар. Мәселен, әр аптада келетін қасиетті жұма күні, айлардың сұлтаны – Рамазан және ұлық мейрам – Құрбан айт, тағы басқаларын атауға болады. Бұлардан өзге барлық адамзаттың, тіпті, бүкіл әлемнің ортақ мерекесі тағы бар. Ол – Алла елшісінің дүниеге келіп, әлемді қуаныш пен нұрға бөлеген күні.

Осынау ұлық мерекенің құрметіне "Асайын калпе" мешітінде мәуліт жыры оқылды. Мешіт имамы Шаттық Қамаубаев мәуліт оқып, Алла елшісі жайлы уағыз айтты.

Көпшілікке арнап дастархан жайылып, жамағат бірлесіп салауат-сәлемдер айтты.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: