"Ж.Жексенбай" мешітінде "1 қазан - Қарттар күніне" орай мешіт имамы Шүкірәлі Бердібековтың ұйымдастыруымен қарияларды төл мерекелерімен құттықтау кеші өтті.
Ақсақалдарға жағалы шапан, әжелерге ақ орамал жабылды. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі кісіге 30 000 теңге қаражаттай көмек берілді.
Қариялар шын жүректен алғыстарын жеткізіп, баталарын берді. Жиында ғибратты әңгімелер тілге тиек болып, уағыз-насихат айтылды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі