Шу ауданы Бірлікүстем ауылында қарттар күніне орай ауылдық мәдениет сарайда мерекелік жиын өтті. Шарадан соң "Бірлікүстем" мешітінде қарттарға арнап ас берілді.
Марқұмдарға құран бағышталып, мешіт молдасы Жетпісбай Әлімбеков уағыз-насихат айтты. Ақсақалдар бата беріп, діннің беріктігі, елдін амандығы үшін дұға жасалды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі